Это дополнительная страница на главной странице. Нажмите кнопку, чтобы вернуться.
Кәсіпорын тарихы

2016 жылдан бастап

2019 жылғы CITIGOe iV және Superb iV автокөліктерінің тұсаукесері Škoda-ның электрмобильдер дәуіріне кіруін білдіреді. Škoda iV бренді эмоциялық дизайнмен, футуристік интерьермен және инновациялық технологиялармен, сондай-ақ мобильді шешімдердің арнайы экожүйесін құрумен сипатталатын электрлендірілген автокөліктер тобын әзірлеуді өз бойында біріктіреді.

2016

Млада-Болеславтағы зауытта Škoda бренді мен Volkswagen концерні арасындағы ынтымақтастықтың басталғанына 25 жыл толғаны атап өтіледі. Жұртшылық назарына жаңа Škoda Kodiaq моделі ұсынылды, ол Škoda-ның жол талғамайтын көліктер шығару бойынша ауқымды науқанын ашады.

2017

Шанхайдағы автокөрмеде Škoda Vision E толық электрлік концепт-кары ұсынылды. Жаңа Škoda Karoq жол талғамайтын көлігі өндіріске енгізілді.

2018

Škoda Auto өзінің миллионыншы жол талғамайтын автокөлігін шығарады. Жаңа модельдің әлемдік премьерасы – Škoda Scala таныстырылады. Škoda Motorsport WRC 2 санатындағы ралли бойынша әлем чемпионатында көш бастайды.

2019

Škoda Kamiq жол талғамайтын көлігінің әлемдік премьерасы. Škoda Auto өзінің (1905 жылдан бергі) 22 миллионыншы автокөлігін жасап шығарады. Бренд өзінің алғашқы электрлендірілген модельдері – Škoda Citigoe iV және Škoda Superb iV автокөліктерін ұсынады. Škoda Auto бүкіл әлем бойынша өз клиенттеріне 1,24 миллион көлік құралын жеткізеді.

2020

2020 жылдағы Škoda кәсіпорнының тарихындағы ең көп күткен кезең – Enyaq iV, брендтің алғашқы толық электрлік жол талғамайтын көлігі. Škoda өзінің 125 жылдық мерейтойын атап өтеді, жаһандық пандемия біздің барлық күнделікті әрекеттерімізге әсер етеді.

2021

Мерейтой жылы. Škoda Volkswagen Group-пен ынтымақтастығының 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Кәсіпорынның өткен жолында автоспорттағы 120 жылдық жетістік жатыр, бірінші заманауи Octavia буыны нарыққа шыққалы бері 25 жыл және алғашқы заманауи Superb автокөлігі дебют жасағалы бері 20 жыл өтті.