Әр компания бірегей және көлік таңдағанда жеке дара қарауды қажет етеді. Škoda қолыңыздағы автопаркті жаңарту не жаңасын жасау сияқты сізге керек міндеттерге толық бейімделген шешімдерді ұсынады. Біз кез келген саладағы және көлемдегі бизнеспен, яғни жергілікті кәсіорындардан бастап, халықаралық корпорацияларға дейін жұмыс істейміз. Біздің автокөліктеріміз 100-ден аса мемлекетте бар, ал біз беретін ұсыныстар сіздің кәсібіңізге оңтайлы шешім табуға мүмкіндік береді.

Неге Škoda?

Ерекше шарттар

Автокөлік сатып алу

• Корпоративтік клиенттерге арнайы ұсыныстар


• Серіктестеріміз ұсынған тиімді лизинг бағдарламалары


• Қазақстан Республикасы аумағындағы 10 ресми дилерлік орталық

Сатып алғаннан кейін қызмет көрсету

• *Кепілдіктер: 3 жылдан және 100 000 км жүргеннен бастап

 

• Лак-бояу жабынына кепілдік: 3 жыл

 

• Өтпелі коррозиядан кепілдік: 12 жыл

 

• **Қызметтер мен шығын материалдарына 5%-дан бастап жеңілдік

 

*Толық және өзекті ақпаратты менеджерден анықтап біліңіз
**Жеңілдік мөлшері сатып алынған автокөліктер санына байланысты.

Тест-драйв

• Škoda автокөліктерін бір күннен аса ұзақ тест-драйвтен өткізу

 

• Сізге ыңғайлы бағытта сізге жеткізе отырып, тест-драйв жүргізу

 

• Автокөлікті сынау үшін тура кеңсеңізге жеткізу

Біздің серіктесіміз болыңыз

Škoda автопаркінің автокөліктері туралы ақпарат

Škoda компаниясы туралы

Škoda Auto - әлемдегі ең ерте кезден келе жатқан бесінші автокөлік маркасы. Škoda тарихы екі дөңгелекті автокөліктен бастау алған велосипед пен мотоциклден бастап, автокөлік шығаруға дейінгі жолдан өтіп, осы күні 130 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. 1991 жылдан бастапода Škoda Auto Volkswagen Group-тың бір бөлімшесі болып табылады.

Автопарк клиенттеріне көп жылғы сату тәжірибеміз бен таңдауға болатын автокөлік модельдеріміздің кең ауқымы бізді барлық ой-тілегіңізден шығатын таптырмас серіктес етеді.

Ресми дилерлер

Өтінім қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз