Allur – Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарын өндірумен, дистрибуциялаумен және сатумен айналысатын қазақстандық компания. Компания Škoda, Chevrolet, JAC, Jetour, Kia, Geely Galaxy, MG, Soueast, GAC және BAIC брендтерінің ресми дистрибьюторы әрі дилері болып табылады. Сонымен қатар, Allur Қазақстан Республикасындағы премиум санатындағы Li Auto брендінің ресми өндірушісі және дилері саналады.
Миссиясы: Біз кедергілерді жойып, әр қазақстандықтарға өз бағытын табуға мүмкіндік береміз.
Ұран: Жігер барда жолдар ашық!
Allur цифрларда
Allur зауыты
Allur зауыты – Қазақстандағы ең ірі автокөлік жасау кәсіпорны. Мұнда автокөліктерді дәнекерлеу, бояу және құрастыру толық жүзеге асырылады. Брендтер портфелінде Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Skoda және Geely Galaxy бар.
Бұл елдегі барлық санаттағы автокөлік түрлері өндірілетін жалғыз кәсіпорын.
Өндіріс
Құрылған күні
2010ж. мамыр
Қызметкерлер саны
3500-нан астам
Аумағы
356 000 ш.м.
Allur бөлшек сауда желісі
Астанада және Алматыда компанияның 11-нан астам жеке дилерлік орталығы бар, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарында 140-ден астам серіктес-дилерлер бар. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін дилерлік орталықтардан бөлек, Allur Finance бағдарламасы ұсынылады. Бұл екінші деңгейлі банктердің автонесие бағдарламаларының бір жерден ұсынылуы; сондай-ақ Allur Trade-In бағдарламасы – ескі көлікті жаңасына айырбастау қызметі.
