1895 - 1906
1895 жылы Вацлав Лаурин мен Вацлав Клемент Slavia велосипед зауытын құрды. 1905 жылы Laurin & Klement фирмасының алғашқы автокөлігі таныстырылды. Қуаты 7 ат күшін құрайтын екі орынды шағын автокөлік Voiturette A деп аталады.
1895
Вацлав Клемент пен Вацлав Лаурин Млада-Болеславта велосипед жөндеу және өндіру шеберханасын ашады. Slavia велосипедтері өз елінде де, шетелде де сәтті сатылады.
1898
L&K кәсіпорны ағайынды Вернерлер жасаған мотоциклді жетілдіріп, екі дөңгелекті көлік құралының өндірісін бастайды. Бұл Австро-Венгрияда шығарылған алғашқы мотоциклдер. Лаурин мотоцикл құрылымының жаңа принципін әзірлейді, мұнда жақтау қозғалтқыштың айналасында және барлық басқару элементтері жүргізушіге қолжетімді жерде – рульде орналасады.
1905
Ғасырлар тоғысқан кезде алғашқы прототиптер жасалғаннан кейін L&K Voiturette деп аталатын автокөліктерді шығара бастайды. L&K мотоциклімен Вацлав Вондржих Францияның Дурдан қаласында әйгілі Coupe Internationale кубогын жеңіп алады.
1906
Voiturette сериялық өндірісі басталып, алғашқы өндірістік науқан іске қосылады.