Осы сайт ЖСШ ("біз") басқарылады. Біз сіздердің дербес деректеріңізді бақылаушы ретінде төмендегі “Дербес деректерді өңдеу мақсаттары және олардың сипаттамалары” тарауында баяндалған тәртіпте сайт пайдаланушыларына ("сіздерге") қызмет көрсету мақсатында өңдейміз. Осы «Сookie файлдары және басқа ұқсас веб-технологиялар арқылы дербес деректерді өңдеу туралы ақпарат» (“Өтініш”) веб-технологиялар арқылы сіздердің дербес деректеріңізді қалай өңдейтінімізді түсіндіреді. Біз осы Өтінішті кейде жаңартып отыруымыз мүмкін. Осы Өтінішке енгізілген барлық өзгерістер сайтта жарияланатын болады және айтарлықтай өзгерістер болған жағдайда сіз хабарлама аласыз.
Біз, сондай-ақ біздің сайтымызда контент, жарнама немесе басқа да функционалдық мүмкіндіктерді ұсынатын кейбір үшінші тұлғалар сіз сайтқа кірген кезде деректерді алу және өңдеу үшін cookie файлдары сияқты әр түрлі технологияларды пайдалана алады.
Аталған технологиялар, бірінші кезекте, сіздің құрылғыңызда сақталатын және сіздің іс-әрекеттеріңіз туралы ақпарат жинауға көмектесетін кішігірім мәтіндік файлдар ретінде беріледі. Көбінесе, cookie файлдары сіздің баптамаларыңыз бен ұнатуларыңызды сақтауға, сіздің қолжетімділігіңіз туралы деректерді сақтауға, мақсатты контент және маркетингілік хабарламаларды ұсынуға мүмкіндік береді, сонымен қатар сайтымыздың қай бөлігі танымалдырақ болып табылатынын түсінуге және сайттың қызмет етуін талдауға көмектеседі.
Сookie файлдарына қосымша ретінде пайдаланушыларға және олардың сайттағы жүріс-тұрысына мониторинг жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін аналитикалық скрипттер сияқты басқа да технологияларды қолданамыз. Жеңіл болу үшін біз осы құжаттағы осындай барлық технологияларды белгілеу үшін "cookie файлдары" терминін қолдануды жалғастыра береміз.
Сайтта сіз сайтты қалай пайдаланатыңыз туралы деректерді өңдей аламыз, мысалы:
Дербес деректердің бұл санаты cookie файлдарының сәйкестендіргіштерін және басқа да желілік сәйкестендіргіштерді, жабдық моделі, құрылғылардың бірегей сәйкестендіргіштері, MAC-мекенжайы, IP-мекенжайы немесе операциялық жүйенің нұсқасы сияқты құрылғы туралы деректерді қамтиды. Бұдан басқа, веб-сайтты пайдалану уақыты және ұзақтығы, іздеу деректері мен таңдалған қызметтер/өнімдер, сондай-ақ сіз cookie файлдарын пайдалануға келіскеніңіз және қайсысын пайдалануға келіскеніңіз туралы ақпаратты қамтиды. Орналасу жері туралы деректерге GPS, Wi-Fi рұқсат нүктесі сияқты орналасу жерін анықтайтын әр түрлі технологиялар немесе құрылғының жанында орналасу орны туралы деректерді ұсына алатын басқа да тетіктер арқылы алынған нақты орналасқан жері туралы ақпарат кіреді.
Біз сіз немесе сіздің қызметіңіз туралы алынған дербес деректерді заңнамада рұқсат етілген жағдайларда жалпыға қолжетімді дереккөздерден алатын басқа ақпаратпен байланыстыра аламыз.
Сookie файлдары пайдаланушылардың сайттармен қалай өзара әрекеттесетіні және өз құрылғыларын қалай пайдаланатыны туралы белгілі бір ақпаратты сақтауға арналған өте кең таралған технология. Қазіргі кезде сайттардың көп бөлігі сookie файлдарын қолданады және олар әдетте бірқатар себептер бойынша қолданылады.
Қажетті cookie файлдары
Бұл cookie файлдары бізге сайттың функциялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сайттың қорғалған бөліктеріне қолжетімділік, сайт ішіндегісін тез жүктеу, пайдаланушыны анықтап тану немесе сіз бізге осы Өтінішке сәйкес келісіміңізді беріп-бермегеніңіз туралы жазба сияқты негізгі функцияларды орындауға, сонымен қатар сеанс кезінде доменде ұнатқан баптамалар туралы ақпаратты сақтауға көмектеседі. Осындай cookie файлдары сайттың жұмыс істеуі үшін керек, сондықтан бізге сіздің оларды сақтау және оқу үшін келісіміңіз қажет емес.
Кеңейтілген аналитика
Сіздің келісіміңіздің негізінде біз пайдаланушылардың сайттағы жүріс-тұрысына мониторинг жүргізу және статистикалық талдауды орындау үшін қолданылатын cookie файлдарын пайдаланамыз. Бұл деректер жеке атқарымдық беттердің танымалдылығын анықтауға көмектеседі және сайттың жақсырақ бола түсуіне мүмкіндік береді.
Функциялар және ұнатулар
Сіздің келісіміңіз бойынша кеңейтілген веб-контентті қарай алуыңыз үшін, оның ішінде кеңейтілген функцияларды қолдана алуыңыз үшін cookie файлдарын пайдаланамыз, сонымен қатар олар біздің сайтымыздағы сіздің ұнатуларыңыз туралы ақпаратты сақтап қалу үшін пайдаланылады. Сookie файлдарының арқасында біз сайтымызды тіл және аймақтық баптамалар сияқты сіздің ұнатуларыңызға сәйкес баптай аламыз.
Дербестендірілген ұсыныстар
Сіздің келісіміңіз бойынша cookie файлдарын біз сізге осы сайтта, біздің басқа сайттарымызда, бөтен сайттарда және әлеуметтік желілерде сізді қызықтыруы мүмкін дербестендірілген контент, жарнама, ұсыныстар ұсыну үшін қолданамыз. Осы cookie файлдарының көмегімен біздің өнімдеріміз және қызметтеріміз, іс-шаралар, байқаулар, жаңалық таралымдары, жарнама және каталогтар туралы ақпаратты ала аласыз. Сіз бізге беретін деректердің арқасында біз, өз кезегімізде, сіздің қызығушылықтарыңызға нақтырақ сәйкес келетін жеке ұсыныстарды ұсына аламыз.
Үшінші тараптың басқа cookie-файлдары
Біздің кейбір беттерімізде сыртқы жеткізушілердің контенті көрсетіледі, мысалы, YouTube, Vimeo. Аталған сыртқы контентті қарау үшін сізге алдымен олардың арнайы талаптарын қабылдау керек. Оған біз бақылай алмайтын "cookie" файлдарына қатысты олардың саясаты кіреді. Бірақ, егер сіз бұл контентті қарамайтын болсаңыз, бөтен cookie файлдары сіздің құрылғыларыңызға орнатылмайды.
Дербес деректерді өңдеуге, көбінесе, жоғарыда белгіленген мақсаттарға жету үшін деректерді тасымалдағышқа жинау, сақтау, дербес деректерді іріктеу, пайдалану, автоматты түрде немесе қолмен сақтау және жою кіреді.
Біз дербес деректерді біздің заңды қызығушылықтарымызды немесе үшінші тараптың қызығушылықтарын ескере отырып, өңдей аламыз. Бұл, көбінесе, келесі мақсаттарда өңделетін cookie файлдарына қатысты:
Басқа мақсаттар үшін біз сіздің дербес деректеріңізді тек сіздің келісіміңіз бойынша өңдейміз. Осындай өңдеу үшін дербес деректерді ұсыну ерікті болып табылады, сондықтан сіз ондай деректерді ұсынуға міндетті емессіз. Сол себепті, егер сіз бізге өз келісіміңізді бермесеңіз, біз сіздің дербес деректеріңізді өңдемейміз. Сондықтан сіз сайтқа бірінші рет кірген кезде, біз сізден cookie файлдарын пайдалануға және оларды пайдалану нәтижесінде алатын дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беруіңізді сұраймыз. Сіз барлық cookie файлдарын пайдалануға келісім бере аласыз немесе “Сookie файлдарын басқару” батырмасын басып, өз ұнатуларыңызды өзгерте аласыз. Егер сіз өз келісіміңізді беріп, өзіңіздің пайдаланушы есептік жазбаңызға кірсеңіз, сайттағы сіздің жүріс-тұрысыңыз туралы деректерді сіздің пайдаланушы есептік жазбаңызбен байланыстыра аламыз.
Сіз сайттың төменгі сол жағында орналасқан cookie файлының кескінін басып, кез келген бетте белсендендіре алатын біздің веб-сайттағы cookie файлдар менеджерін пайдаланып, cookie файлдарын пайдалануға қатысты өз келісіміңізді кері қайтарып аласыз немесе өз таңдауыңызды өзгерте аласыз. Сookie файлдарын немесе оған байланысты дербес деректерді сіздің келісіміңізді кері қайтарғанға дейін кез келген пайдалану жарамды және заңды болады. Алайда, келісімді ұсынбауға немесе кері қайтаруға қарамастан біз бәрібір қажетті cookie файлдарын өңдейміз.
Сайттың функциялылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын cookie файлдарын өңдеу мерзімі сеанс аяқталғаннан кейін тоқталады. Егер пайдаланушы өңдеуге келісімін берсе, дербес деректер Келісім туралы Өтініште көрсетілген мерзімде немесе келісім кері қайтарылғанға дейін, бірақ 24 айдан аспайтын мерзімде өңделеді.
Ерекше жағдайларда біз алынған дербес деректерге қолжетімділікті басқа тұлғаларға, көбінесе: Маркетингтік агенттік, Škoda Auto a.s. және Топтың басқа компанияларына, төмендегідей Аналитикалық және статистикалық қызметтерді жеткізушілерге бере аламыз:
Google
Сайт пайдаланушылар сайтты қалай пайдаланатынына талдау жасау үшін cookie файлдарын қолданатын Google Ireland Limited ("Google") компаниясы ұсынатын сервистерді пайдаланады. Көбінесе, сайт келесі модульдерді пайдаланады:
Барлық сайттардағы Google Analytics бақылауынан бас тарту үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://tools.google.com/dlpage/gaoptout
Google Analytics және дербес деректердің құпиялылығы туралы толық ақпаратты мына жерде қараңыз: https://policies.google.com/privacy?hl=en.
Аталып өткен файлдар туралы толық және өзекті ақпаратты мына жерде қараңыз: https://business.safety.google/adscookies/.
Meta
Сайт аналитикалық cookie файлдарын, пиксельді тегтер мен біздің сайтымыздан және Интернеттегі басқа сайттардан ақпаратты жинауға немесе алып шығуға мүмкіндік беретін Meta Platforms Ireland Limited ("Мета") басқа да бақылау технологияларын пайдаланады, бұл ретте Facebook бұл ақпаратты жарнама тиімділігін анықтау және жарнама хабарландыруларын нысаналау бойынша қызметтерді көрсету үшін пайдалануы мүмкін.
Meta cookie файлдарын қалай пайдаланатыны туралы толық және өзекті ақпаратты мына жерде қараңыз: https://www.facebook.com/privacy/policies/cookies.
HotJar
Сайт пайдаланушы тәжірибесін жақсырақ түсінуге көмектеседі (мысалы, пайдаланушы қандай беттерде қанша уақыт бойы болатыны, қандай сілтемелер бойынша өтеді, оларға не ұнайды, не ұнамайды және т.с.) және де бұл бізге пайдаланушылардан кері байланыстың негізінде сервисімізді құруға және қолдауға мүмкіндік береді. Hotjar cookie файлдарын және басқа да технологияларды пайдаланушылардың жүріс-тұрысы және олардың құрылғылары туралы ақпаратты жинау үшін пайдаланады. Hotjar бұл ақпаратты біздің атымыздан пайдаланушының жасырын профилінде сақтайды. Hotjar келісімшарты бойынша біздің атымыздан жиналған қандай да болмасын деректерді сатуға тыйым салынады.
Аталып өткен cookie файлдары туралы толық және өзекті ақпаратты мына жерде қараңыз: https://help.hotjar.com/hc/en-us/articles/6952777582999-Cookies-Set-by-the-Hotjar-Tracking-Code.
Adobe
Сайт Adobe Target көмегімен пайдаланушы тәжірибесін дербестендіру үшін Adobe Experience платформасын қолданады. Adobe cookie файлдарын және басқа да технологияларды пайдаланушылардың жүріс-тұрысы және олардың құрылғылары туралы деректерді жинау үшін пайдаланады. Adobe бұл ақпаратты біздің атымыздан пайдаланушының жасырын профилінде сақтайды. Adobe компаниясының келісімшарты бойынша біздің атымыздан жиналған қандай да болмасын деректерді сатуға тыйым салынады.
Аталып өткен cookie файлдары туралы толық және өзекті ақпаратты мына жерде қараңыз: https://www.adobe.com/privacy/experience-cloud.html
OneTrust
Бұл сайт сіз cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламасы бар баннердің көмегімен берген келісіміңіздің күйін анықтауды қоса алғанда біздің cookie файлдарын басқару саясатымызды қолдау үшін
One Trust, LLC ("OneTrust") компаниясы ұсынған технологияны пайдаланады. OneTrust және дербес деректердің құпиялылығы туралы толық ақпаратты мына жерде қараңыз: https://www.onetrust.com/privacy/.
Басқа тараптар
Сіздің дербес деректеріңіз талап бойынша мемлекеттік органдарға, әсіресе, Чехия Республикасының соттарына, полициясына және басқа құқыққорғау органдарына қажеттілік жағдайында және заң аясында берілуі мүмкін.
Көп жағдайда біз дербес деректерді сізден тауарларға немесе қызметтерге тапсырыс берген кезде, есептік жазбаны құрғанда және пайдаланғанда немесе бізбен қарым-қатынас жасаған кезде аламыз. Бұнымен қатар біз дербес деректерді сіздің сайттағы жүріс-тұрысыңызды бақылай отырып жинаймыз.
Осы өңдеу барысында автоматты шешім қабылдау жүзеге асырылмайды.
Дербес деректер қоғамдық мүдде үшін мұрағаттандырылуы және ғылыми, тарихи немесе статистикалық зерттеулер үшін пайдаланылуы мүмкін.
Біз сілтемелері біздің сайтымызда орналасқан сыртқы сайттардың мазмұнын бақылай алмаймыз. Біз сіздің дербес деректеріңіздің сыртқы сайттарда өңделуі үшін жауапкершілік тартпаймыз. Бұл гиперсілтемелер пайдаланушыларға қызмет түрінде ұсынылады және сіздердің өз қаупіңізге қарай қолжетімді.
Біз жинайтын және өңдейтін деректерді заңсыз қолжетімділіктен немесе заңсыз өзгертуден, деректерді ашудан немесе жоюдан максималды қорғауды қамтамасыз ету үшін біз осы сайт арқылы жиналған ақпаратты қорғау және сақтау үшін физикалық, электронды және басқару шараларын қоса алғанда тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолдандық. Сіз осы сайтқа енгізген өзіңіз үшін маңызды және/немесе жеке деректеріңіз шифрленеді және SSL-сертификатпен қорғалады. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, егер сіз дербес деректеріңізді беретін болсаңыз немесе қауіпті тәсілмен пайдаланатын болсаңыз, біз олардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз.
Өз құқықтарыңыз бен оларды іске асыру тәсілдері туралы көбірек білгіңіз келсе, төмендегі бетке өтіңіз.