Škoda Kodiaq-тың төрт цилиндрлі бензинді турбоқозғалтқышы 190 а.к. тең оңтайлы қуатымен және 1400-ден 4100 айн/мин-қа дейінгі диапазонда 320 Нм максималды айналдыру моментінің тамаша көрсеткішімен ерекшеленеді.
Технология Škoda Kodiaq
Толық жетек
Ақылды толық жетектің және 20 сантиметрге шамалас жол саңылауының арқасында жаңа Kodiaq кез келген күтпеген жағдайларға дайын. Ілінісудің электронды басқаруы бар көп дискілі трансмиссия миллисекундтар ішінде автокөлік дөңгелектерінің астындағы тарту күшінің тіпті ең кіші өзгерістеріне жауап береді.
Технология Škoda Kodiaq
DSG автоматты беріліс қорабы
Берілістерді автоматты түрде ауыстыру басқару ыңғайлылығы үшін қажет. Қос ілінісуі бар 7 сатылы DSG автоматты беріліс қорабы. Оның басты артықшылығы – төмен отын шығынымен берілістердің аса жоғары жатық ауыстырылуы.