Эта страница является дополнительной к первой. Нажмите на кнопку, чтобы вернуться.
Сіз іздеген барлық мән-жайлар

Superb Laurin & Klement

Автокөліктің өлшемдері

Сыртқы және ішкі өлшемдері, жүксалғыш көлемі.

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік функциясы

Škoda Superb Laurin & Klement – еш ымырасыз қауіпсіздік. Айтылып кеткен қауіпсіздік жүйелерімен қатар, стандарт жинақтамаға немесе опция ретінде мына функциялар қолжетімді: екінші қатардағы қайырмалы төбесі бар орындықтарға бала орындығын бекітуге арналған Isofix және Top Tether бекіту нүктелері. Isofix жүйесі алдыңғы жолаушы орындығыы үшін де қолжетімді. “ Берілген жылдамдықты қолдайтын круиз-контрольге қарағанда, жылдамдық шектегіші жүргізушіге берілген мәннен аспайтын кез келген жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді. “ ABS шұғыл тежеген кезде немесе тайғақ жерде тежеген кезде дөңгелектердің құлыпталуына жол бермейді. “ HBA braking assis жүйесі тежеу қысымын арттыра отырып, жүргізушіге шұғыл тежеу қажет жағдайларда көмектеседі. Бұл қажет тежеу жолын айтарлықтай қысқартуға әкелуі мүмкін. “ EBD жүйесі тежеу қысымы мен тежеудің жалпы тепе-теңдігін автоматты түрде оңтайландырады және артқы дөңгелектердің шамадан тыс тежеуіне жол бермейді. “ MSR жүйесі жүргізуші тегіс бетте тежегенде пайда болуы мүмкін, жетекші дөңгелектердің бұғатталуының алдын алады. " ASR жүйесі тайғақ бетте тоқтап қалмай бірқалыпты жүре бастауды және үдеуді қамтамасыз етеді. “ EDL жүйесі үдегенде немесе жетекші дөңгелектердің бірі жолмен нашар ілініскен кезде тауға көтерілгенде көмектеседі. “ TSA жүйесі автокөлік өзінің басқару блогы бар түпнұсқа сүйреу құрылғысымен жабдықталғанда жұмыс істейді. Жүйе бір немесе бірнеше дөңгелекті тежеу және бір уақытта қозғалтқыштың айналу сәтін қажетінше төмендету принципі бойынша жұмыс істейді. TSA жүйесі араласа отырып, көлік пен тіркемені тұрақтандыруға көмектеседі. " XDS+ жүргізушіге күрт бұрылыстардан өткенде көмектеседі және серпіндік бұрылыстардан өткенде автокөлікті бейтарап қозғалыспен қамтамасыз етеді. Басқару электроникасы шын мәнінде бұрылыстардағы жолмен ілінісуді мен жүргізу динамикасын жақсарту үшін өздігінен құлыпталатын дифференциалдың болуын имитациялайды. Осының нәтижесінде автокөлік бұрылыстардан анағұрлым сенімді әрі табиғи өтеді. “ TPM+ шиналардағы қысымды бақылау жүйесі жүргізушіне шиналардағы қысым туралы ақпаратты тұрақты түрде беріп отырады. “Өрде ұстап тұру жүйесі жүргізушілерге өрдегі орнынан қауіпсіз қозғалуға көмектеседі. Жүйе кем дегенде бес градусқа өрлегенде іске қосылады және өрден қол тежегішін пайдаланбай, жеңіл әрі қауіпсіз қозғалуды қамтамасыз етеді. Жүйе автокөлікке артқа жүріп кетуге не өшіп қалуға жол бермейді. “ Жыпылықтайтын стоп-сигналдар әсіресе кептелістерге жақындағанда немесе кенет пайда болған кедергінің алдында күрт тежеген кезде арттан соқтығысу қаупін төмендетеді.

Жетек және руль

Толық жетек

Škoda Superb Laurin & Klement электрондық басқарылатын көпдискілі ілініспен ұсынылады. Заманауи толық оңтайлы қозғалыс динамикасына, ең жоғарғы белсенді қауіпсіздікке және үнемді отын шығынына кепілдік береді. Айналдыру сәтін барлық төрт дөңгелекке үлестіру қозғалыс жағдайларына байланысты автоматты жүреді. Басқару блогы артқы ось үшін мінсіз айналдыру сәтін есептейді. Реттеу ілініс дискілеріне қысымды өзгерту жолымен іске асырылады.