Біркелкі сызықтары бар стильді интерьер жоғары сапалы жұмсақ материалдармен әрленген. Хромдалған бөлшектер орталық консольді, есік панельдерін және есік тұтқаларын мәнерлі ете түседі. Жаңа дизайндағы аспаптар тақтасы көлденеңінен бірнеше деңгейге бөлініп, үсті тоқыма немесе Suedia материалымен жабылған. Аспаптар тақтасындағы, есіктердегі және аяққа арналған кеңістіктегі жарықдиодты көмескі жарық үшін интерьер атмосферасын қалыптастыруға көмектесетін реттелетін түс комбинацияларын таңдауға болады.