Қауіпсіздік жүйелері
Side Assist – жол қатарын ауыстырғанда көмекші жүйе.
Автокөліктің артқы жағында орналасқан екі радарлық құрылғының арқасында жол қатарын ауыстырған кезде көмек көрсету жүйесі артта келе жатқан және автокөліктің көзден таса аймағында орналасқан автокөліктерді ажыратады. Сізге бүйірлік айна корпусының ішкі жағындағы жарықдиодты сигнал жарығымен қауіп туралы хабарланады. Жол қатарын ауыстырған кезде көмек көрсету жүйесі 70 метрге дейінгі қашықтықта автокөліктерді ажыратып, жүргізушілерге автомагистральдардағы қауіпті жағдайлар туралы алдын ала ескерте алады.