Екінші қатар жолаушыларына құрылғыларды тез зарядтау үшін 45 Вт қуатты екі USB-C ағытпасы қолжетімді.
Škoda Octavia жайлылық функциялары
Рульді жылыту жүйесі
Octavia рулі жылыту функциясымен жабдықталған, бұл қыс кезінде өте қажет болады. Ал алдыңғы әйнекті жылыту бұл операцияға кететін уақыт пен күшті әлдеқайда азайтады. Егер тез жылына алмасаңыз, алдыңғы және артқы орындықтарды жылыту жүйесін пайдаланыңыз.
Škoda Octavia жайлылық функциялары
Артқы шынтақтаянышта планшет ұстағыш бар
Артқы орындықтардағы жолаушыларға барынша жайлылықты қамтамасыз ету үшін Octavia автокөлігінің ең пайдалы мүмкіндіктерінің бірі — артқы шынтақтаяныштағы немесе алдыңғы орындықтың артқы жағындағы планшет ұстағышы. Бұл сүйікті фильмді көруге, жұмыс істеуге немесе сапар барысында көріністерден ләззат алуға мүмкіндік береді.
Škoda Octavia жайлылық функциялары
Артқы орындықтың арқалығын батырма арқылы бүгу
Бұл қолайлы функция жүксалғыштан бір ғана батырманы басу арқылы артқы орындықтардың арқалықтарын оңай бүгуге мүмкіндік береді. Сондықтан енді Octavia автокөлігіне ірі заттарды салу керек болғанда көлікті айналып өтудің қажеті жоқ.