Дизайн: сенімділік пен ұстамды әсемдіктің үйлесімі
Octavia SportLine-ның айрықша сыртқы көрінісі оңай танылады. Негізгі элементтер: радиатор торының қара жылтыр жиектемесі, қара спойлері бар фирмалық алдыңғы бампер, қанаттардағы жаңа SportLine эмблемасы, айна корпустары мен терезе жақтаулары — барлығы жылтыр қара түсте жасалған. Жолдағы ағыста мұндай Octavia назардан тыс қалмайды.