Škoda Kamiq – қауіпсіздік
Бес жұлдызды Kamiq
Euro NCAP Škoda Kamiq-ке ең жоғары бес жұлдызды бағасын берді, осылайша автокөліктің барлық жолаушылар үшін оңтайлы қорғанысты қамтамасыз ететінін растады.
Ересек жолаушыларды қорғау санатында Kamiq ықтимал ұпайлардың 96 пайызын алды. Бұл Euro NCAP тарихындағы үздік нәтижелердің бірі. Автокөлікті сынақтан өткізгендер велосипедшілер қорғанысы үшін ең жоғары алты ұпайын берді, бұған базалық жинақтамаға кіретін жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерді алдын ала анықтау жүйесі бар алдыңғы радардың оң әсерін тигізгені сөзсіз.