Аты аңызға айналған RS моделі ралли мен айналма жарыстарға арналған өз уақытындағы ең сәтті автокөліктердің бірі болды. Škoda 130 RS автокөлігі көптеген жеңістерге, соның ішінде 1977 жылы Монте-Карлода қос жеңіске жетті. Көлемі 1,3 литрлік және қуаты 139 ат күшін құрайтын төрт цилиндрлі қозғалтқыш 130 RS моделіне максималды 200 км/сағ жылдамдықты қамтамасыз етті. Қарапайым клиенттерге 110 R купе шанағы бар RS керемет моделінің сериялық нұсқасы қолжетімді болды.