Жайлы шешімдер
Кілтсіз кіру
Автокөлікті ашу және жабу үшін енді сізге кілтті қолға ұстап жүрудің қажеті жоқ. KESSY (Keyless entry, Start and Exit system) басқару құрылғысы 1,5 м дейінгі қашықтықта кілттің болуын анықтайды. Егер сіз есіктің немесе жүксалғыш есігінің тұтқасын ұстасаңыз, құлыптар автоматты түрде ашылады. Қозғалтқыш түймені басу арқылы оталады.